Итбалықтарға жасалған сараптамадан зиянды заттар табылмады

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Өлген итбалықтарға жасалған зерттеу нәтижесінде олардан зиянды заттар табылмады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Итбалықтарға жасалған сараптамадан зиянды заттар табылмады

Еске сала кетсек, сәуір айының аяғында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Каспий жағалауынан әртүрлі жастағы (2-3 жасар балаларынан бастап 5 жасарға дейін) 243 итбалық табылып, олардың өлекселері  жинап алынған болатын.

Гидробиология және вирусология институтының ғылыми қызметкерлері 6 итбалыққа сынама жасады.

«Сараптама нәтижелері келді. Бірақ, ешқандай зиянды заттар, улану белгілері жоқ», - деді  Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшысы Түменбай Қалжанұлы.