19:00, 29 Маусым 2025 | GMT +5
Иван Азовский «Ұлытау» командасының бас бапкері қызметінен кетті
АСТАНА. KAZINFORM - Иван Геннадьевич Азовский «Ұлытау» футбол клубындағы қызметін ресми түрде аяқтады.

Онымен бірге оның көмекшісі Фамильцев Александр Михайлович те клубтан кетті.
Бас бапкер 2023 жылы клуб құрылымына қосылып, алдымен футбол орталығының жетекшісі қызметін атқарды. Кейіннен негізгі команданы қабылдап, 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Ұлытауды» алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына шығарды.
2025 жылғы маусымда И. Азовский баптаған команда Премьер-лигада 15 матч өткізіп, 3 жеңіске жетті, 3 тең ойын көрсетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Тұран» командасына жаңа бапкер тағайындалды. Бұл қызметке Әбдіхалық Бөрібаев келді.