Иван Дычконың келесі жекпе-жекті кіммен өткізетіндігі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычоның кәсіби рингтегі кезекті кездесуі кіммен өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
None
None

Иван Дычконың қарсыласы болып 32 жастағы америкалық Майкл Маррон (21-8, 15 КО) белгіленді. Жекпе-жек 16 маусымда Сент-Питерсбергте (АҚШ, Флорида штаты) өтеді.

Марроне өз спорттық жолында 18-0 рекордқа қол жеткізген, сондай-ақ ол кезінде әлемнің бұрынғы чемпионы Шэннон Бриггспен рингте кездескенімен де мақтана алады.

Еске сала кетейік, Дычко Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында 24 наурызда өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық боксшы Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар