Иван Сауэр: 10 сотық жерді сату үшін емес, жеке тұрғын үй салуға мұқтаж адамдарға беру қажет

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі, «Родина» агрокомпаниясының басшысы Иван Сауэр 10 сотық жерді сату үшін емес, жеке тұрғын үй салуға мұқтаж адамдарға беруді ұсынды.
None
None

«Целиноград ауданының тумасы ретінде 10 соттық жерді қозғамауды жөн көрмедім. Болар іс болды. Үкімет дұрыс шешім шығарды. Барлығы Астана, Алматы және облыс орталығында тұрғысы келеді. Кей жерлерде жердің бағасы қымбат, кей жерлерде тіпті, сұраныс жоқ. Сондықтан, тиісті 10 сотық жерді сату үшін емес, жеке тұрғын үй салуға мұқтаж адамдарға берген дұрыс», деді И.Сауэр.

Ол мұндай қадамнан ешкім ұтылмайтынын айтып, тек, қатаң бақылау жасап отыру қажеттігін еске салды.

-Алыпсатарлыққа жол берілмеуі тиіс,- деді И.Сауэр.

Соңғы жаңалықтар