IWF 2008 жылғы Олимпиада допинг-сынамаларын қайталап тексеру нәтижесін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамаларды қайталама сараптамасының нәтижесін жариялады.
None
None

Кері нәтиже көрсеткен талдаулар:

Арменияның Ауыр атлетикадан әйелдер құрамасының мүшесі, Еуропа чемпионы Рипсиме Хуршудян. Оның талдауынан станозолол (S1.1) табылғаны расталды.

Молдова зілтеміршісі Александр Дудогло - станозолол (S1.1).

Екі ресейлік спортшы: Надежда Евстюхина - дегидрохлорметил-тестостерон  метаболиттары (S1.1 анаболикалық агенттер) және Марина Шаинова - станозол мен дегидрохлорметил-тестостерон .

Нуркан Тайлан (Түркия)  - станозолол (S1.1).

Интигам Заиров (Әзербайжан)  - дегидрохлорметил-тестостерон (S1.1) - Бұған дейінгі IWF шешімі бойынша 2023 жылдың 21 желтоқсанына дейін спорттан шеттетілген.

Илья Ильин (Қазақстан) - Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер) - уақытша спорттан шеттетілген.

IWF-тің қағидаттары мен ережелеріне сәйкес спортшылардың істері жабылғанша олардың допингке қарсы тәртіпті бұзғаны үшін уақытша шеттетіледі.

ХОК шешімінен соң IWF осы нәтижелерді басқаруды өз қолына алады. 

Соңғы жаңалықтар