Іздеу жарияланған 57 қылмыскер ұсталды - ІІМ
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Іздеу жарияланған 57 қылмыскер өткен апта ішінде ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Апта ішінде 6 682 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 011 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 620 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 70 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 57 қылмыскер ұсталып, 4 дана қару тәркіленді», - деді ол.
Сонымен қатар ресми өкілдің сөзіне қарағанда, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 38 қылмыс анықталса, оның 23-і сату фактісі болып отыр. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы шамамен 14 келіні құрайды.