18:29, 03 Ақпан 2017 | GMT +5
Іздеу жарияланған Абылай Ғабжәлелов ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Іздеу жарияланған «Аралтұз» АҚ-ның директорлар кеңесінің экс-төрағасы Абылай Ғабжәлелов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Бұған дейін кәсіпкер Абылай Ғабжәлеловке іздеу жарияланған. Ол осыдан екі күн бұрын ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды», - деді комитет баспасөз қызметіндегілер.
Аталған комитеттің хабарлауынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс көмір тасымалында бюджетке салық төлемеуіне байланысты қозғалған. Нақтырақ айтқанда, 2011-2012 жылдары заң бұзылғаны анықталды.
Еске сала кетейік, Абылай Ғабжәлеловке ҚР ҚК 222-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару), 193-баптың 3-тармағы (қылмыстық жолмен ақша аудару) бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан іздеу жарияланған.