Іздеуде болған Қазақстан азаматы қырғыз елінде ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Іздеуде болған Қазақстан азаматы қырғыз елінде ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іздеуде болған Қазақстан азаматы қырғыз елінде ұсталды

«Ағымдағы жылдың 5 наурызында Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің көмегімен Шу облысына қарасты Аламудун елді мекенінде Қазақстан азаматы ұсталды. Ол 2017 жылы Астана қаласында қыз зорлағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанда экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», - деді Нұрділдә Ораз.