Іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын Қазақстаннан экстрадициялау мәселесі шешілуде
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында қылмыс жасағаны үшін өз отанында іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Көрші мемлекеттің милициясы 46 жастағы ер адамға сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін заңсыз жұмсап қойды деген айып тағып, іздеу жариялаған. Қазіргі таңда ұсталған азаматты экстрадициялау мәселесі шешілуде.