Іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

АҚТАУ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - Маңғыстау облысы аумағында өтіп жатқан республикалық «Мигрант» шұғыл алдын алу шарасы барысында Ресей Федерациясының іздеуде жүрген бір азаматы ұсталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шілденің 8-і мен 12-сі аралығында өтетін  шараның алғашқы күнінде облыстың полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағына келу ережелерін бұзған 449 шетел азаматы мен азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтады. Олардың алтауы алыс шетелдіктер болып шыққан.

 МО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс көлемінде құзырлы органдардың рұқсатынсыз заңсыз еңбек етумен айналысқан 68шетел азаматы сот шешімімен Қазақстан Республикасы аумағынан  шығарылған.

 Шетел  азаматтарын жұмысқа тарту және пайдалану ережесін бұзған 6 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 11 шетелдік азамат ұсталған.

Рейдтік шара кезінде «Заңсыз көші-қонмен күрес» арнайы жеке ротасының қызметкерлері Жаңаөзен, Ақтау қалаларында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 394-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР аумағынан  шығару туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан мемлекетінің 3 азаматын ұстады. Қазір тергеу органдары олардың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесін шешуде.

Соңғы жаңалықтар