ИЖТМ басшысы Ә.Исекешев пен ҰКП Президиумының Төрағасы Т. Құлыбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ҚР ИЖТМ және КҰП неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуда. Тиісті меморандумға бүгін Астанада Вице-премьер - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев және Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.
Тараптар мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және іске асыру, тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық үлесті ұлғайту, отандық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерінде күш-жігерлерін біріктіруге ниеттенуде.
Мәселен, Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдықтарын қоса алғанда, елдің энергетика, индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы бағдарламалық құжаттарды және туризм, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуды көздейтін құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс топтарын құру болжануда.