Измирдегі жер сілкінісі: Құрбан болған адам саны 62-ге жетті

None
None
АНКАРА. АНАДОЛУ - ҚазАқпарат – Түркияның Измир қаласында жер сілкінісінен опат болған адамдардың саны 62-ге жетті, деп хабарлайды «Анадолу».

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайдың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) хабарлаған.

Ауруханаларға 940 адам жеткізілген. Оның 722-сі медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген, 218-і емделіп жатыр.

Қираған 8 ғимаратта іздеу және құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Жер сілкінісінен кейін 947 афтершок болған. Оның 43-інің магнитудасы 4 балдан жоғары болған.

Айта кетейік, 29 қазан күні Егей теңізінің жағасындағы Измир қаласында 6,6 балдық жер сілкінісі болды.

Соңғы жаңалықтар