Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті

ИЗМИР. AA.COM.TR - ҚазАқпарат - Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті, Түркияның батысындағы 804 тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) хабарлады.

AFAD мәліметтері бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін 6.6 магнитудалық 341 әлсіз соққы болды, күші 4 баллдан асады.

«Измир қаласында 743 тұрғын зардап шекті, бесеуі Манис провинциясында, екеуі Балыкесирде және Айдын провинциясында 54 адам, барлығы 804 адам», – деп хабарлады AFAD.

Қираған 17 тұрғын үйдің сегізінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.

Түркияның батысында жұма күні жергілікті уақыт бойынша 14.51-де 6,6 баллдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған.

Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.

Бүгін аталмыш оқиғаға байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев Түркия басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін мәлім етті.