Израиль армиясы Ливанның оңтүстігін атқылады

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі Набатия провинциясындағы Айта аль-Шааб қаласына артиллериялық соққы жасады, деп хабарлайды Анадолы.

Израиль армиясы Ливанды атқылады
Фото: Анадолы

Бұл туралы ливандық БАҚ хабарлады.

Қаза тапқандар, зардап шеккендер немесе қиратулар туралы әзірге ақпарат жоқ.

2024 жылғы 27 қарашада Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеніне қарамастан, израильдік әскерилер Ливанның оңтүстік аймақтарына күн сайын жерүсті және әуе шабуылдарын жасап келеді.

Израиль тарапынан бітім шартын шамамен 3 мың рет бұзу жағдайы тіркеліп, соның салдарынан кемінде 213 адам қаза тауып, тағы 508 адам жарақат алған.

Израиль Бейрутпен жасалған бейбіт келісім аясында Ливан аумағынан толық шығу міндеттемесіне қарамастан, Ливанның оңтүстігіндегі бес стратегиялық нүктеде әскерін қалдырған.

Бұдан бұрын сәуір айының басында Израиль Ливанға соққы беріп, ХАМАС қолбасшысы қаза тапқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар