Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі екі елді мекенге соққы жасамақ

АСТАНА. KAZINFORM- Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі екі елді мекенге соққы жасайтындарын айтып, қорқытты және соққы жасалатын аудандарға жақын маңдағы тұрғындарды ол жерден кетуге шақырды, деп хабарлайы Анадолы.

Ливан
Фото: Анадолы

Израиль атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан Ливанға шабуылды үдетті.

Израиль әскерінің өкілі Авихай Адраи америкалық Х әлеуметтік желісінде Сур қаласы маңындағы ауданда Дейр-Канун ан-Нахр мен Шухур елді мекендеріндегі кейбір нысандарға соққы жасайтындарын мәлім етті.

Ол сөзінде әуеден жасалатын соққы аталған елді мекендердегі «Хезболла» ұйымының әскери нысандарына бағытталатынын жеткізді.

Израиль әскерінің өкілі соққы жасалатын аудандардың картасын да жариялап, сол ауданға жақын маңдағы ливандықтарды аймақтан кетуге шақырды.

Осыған дейін, 6 қараша күні әскер Ливанның оңтүстігіндегі бес ауданға қатысты да осындай хабар таратып, артынан соққы жасаған.

Жақында ғана Израиль әскері Сайда қаласындағы палестиналық босқындардың Айн-аль-Хильва лагерін атқылаған болатын. Соның салдарынан кемінде 13 адам қаза болып, көптеген адам жарақат алды.

Осыған дейін ХАМАС Газада Израильдің соққыларынан 25 адамның қаза тапқанын хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар