Израиль әуе күштері Сирияға шабуыл жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әуе күштері Сирияның оңтүстігіндегі Мазрат Бейт Джин аймағына әуеден соққы берді. Бұл туралы Израиль армиясының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Мәлімдемеге сәйкес, шабуылдың нысанасы палестиналық Хамас қозғалысының өкілі болған.
2024 жылдың 8 желтоқсанында Израиль армиясы 1967 жылдан бері басып алған Голан жоталарына жақын орналасқан буферлік аймақты басып алды.
Израиль әскерлері Сириямен шекарадағы буферлік аймақтан шығып, Дамаскіден 20 шақырым қашықтықта орналасқан.
2024 жылы 8 желтоқсанда Сириядағы Баас партиясы режимі құлағаннан кейін Израиль биліктен қуылған режимнің ондаған әскери нысандарына шабуылдады.
2 мамырда Израиль Дамаскідегі президент сарайының маңында әуе шабуылын жасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарды эвакуациялауға шақырған болатын.