Израиль БАӘ-дегі қауіп-қатер туралы ескертіп, елшілік қызметкерлерін шығара бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Шабуыл қаупінің күшеюіне байланысты эвакуация Әбу-Дабидегі елшілік қызметкерлерінің көпшілігіне әсер етеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Израиль предупредил об угрозах в ОАЭ и начал вывод сотрудников из посольства
Фото: x.com/@AdameMedia

Израильдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) Біріккен Араб Әмірліктеріне қазіргі сапар туралы ескертуін күшейтіп, соның ішінде Иранмен байланысы бар лаңкестік топтардың израильдіктерге шабуыл жасау ықтималдығы жоғары екенін ескертті.

ҰҚК бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде қауіп-қатердің артуы Израильдің Иран мен Газа секторындағы соңғы әскери операцияларынан кейін шабуылға деген мотивацияның артуы, сондай-ақ аймақтағы Палестинаны жақтайтын көңіл-күйдің күшеюімен байланысты екені айтылған.

Жаңартылған кеңеске сәйкес, Израиль БАӘ үшін «үшінші деңгей» ескертуін сақтауды жалғастырып отыр. Онда адамдарды маңызды емес саяхаттардан аулақ болуға және елге саяхат жоспарларын байыпты түрде қайта қарауға шақырады.

ҰҚК айтуынша, еврей мерекелері мен Шаббат кезінде Әмірліктердегі израильдік және еврей нысандарына ерекше қауіп бар. 

— ХАМАС, «Хезболла» және ирандық проксиді қоса алғанда ұйымдардың белсенділік белгілерінің өсуі жағдайында аймақта израильдіктерге қарсы шабуыл жасау қаупі бар, — делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге Әбу-Дабидегі Израиль елшілігін жартылай эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Қызметкерлердің көпшілігі дипломатиялық миссияны тастайды, ал қалғандары күшейтілген қауіпсіздік шараларымен жұмыс істейтін болады.

Израиль билігінің атап өтуінше, лаңкестік ұйымдар өткен тәжірибе көрсеткендей көбінесе израильдіктер тұратын және еврей ұйымдары белсенді жұмыс істейтін Израильмен көршілес елдерді нысанаға алып жүр.

Соңғы жылдары Израиль мен БАӘ арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіруді көздейтін 2020 жылы Авраам келісіміне қол қойылғаннан кейін әмірлік қоғамындағы израильдік және еврей қауымдастығының көлемі мен көрінуі айтарлықтай өсті.

Алайда 2023 жылдың қарашасында БАӘ-де лаңкестік әрекет деп танылған Хабад қозғалысының өкілі Зви Коганның өлтірілуі сияқты оқиғалар оқиғалар аймақтағы израильдіктердің қауіпсіздігіне назар аудартты. 

2024 жылдың көктемінде бұл іс бойынша үш айыпталушыны Әбу-Даби апелляциялық соты өлім жазасына кесті.

Бұған дейін хабарланғандай, Таяу Шығыстағы шиеленістің аясында Иран мен Израиль 2025 жылдың екінші тоқсаны қорытындысы бойынша кибершабуылдар саны ең көп елдер бестігіне енді.

Соңғы жаңалықтар