Израиль Батыс жағалаудағы даулы E1 құрылысының жобасын мақұлдады
АСТАНА.KAZINFORM - Батыс жағалауда E1 ауданын салу жобасының түпкілікті мақұлдануы халықаралық деңгейде үлкен реакция тудырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Израиль билігі сәрсенбі күні Батыс жағалаудағы Иерусалим мен Маал Адумим арасындағы қоныстанушылар үшін шамамен 3400 тұрғын үй құрылысын қамтитын E1 тұрғын үй құрылысының соңғы жоспарын бекітті, деп хабарлайды The Times of Israel.
Бұл шешімді Израиль қорғаныс министрлігіне қарасты Азаматтық әкімшіліктің жоғары жоспарлау комитеті қабылдады.
Қорғаныс министрлігіне қарасты азаматтық әкімшілік пен елді мекендерді қадағалайтын Израильдің Қаржы министрі Бецалель Смотрич бұны «тарихи шешім» деп атап, Палестина мемлекетінің құрылу мүмкіндігін күн тәртібінен өшіретінін баса айтты.
Israeli Finance Minister Bezalel Smotrich, who also serves as a minister in the Ministry of Defence responsible for the Civil Administration in the occupied West Bank, posted a video on his Facebook account last week discussing the building plan in Area E1.
— Middle East Eye (@MiddleEastEye) August 20, 2025
Today, the plan,… pic.twitter.com/O3kMS1XtCR
Израильдің қоныстандыру саясатына қарсы шыққан Peace Now ұйымы бұл жобаның Палестина мемлекетінің болашағына орны толмас зиян келтіретінін ескертті.
-Соғысып деген желеумен Смотрич пен оның жақтастары түбінде бәрібір эвакуациялауға тура келетін қиялдан туған қоныс салып жатыр. Е-1 жоспарының мақсаты – саяси шешімді бұзып, екі ұлтты мемлекет құру,-делінген мәлімдемеде.
Сарапшылардың пікірінше, E1 құрылысы Батыс жағалаудың солтүстік және оңтүстік бөліктерінің бөлінуіне әкеледі, сонымен қатар Шығыс Иерусалим мен Палестина аумақтары арасындағы байланысты үзеді.
Бұл жоспар бүкіл әлемде сын тудырды. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Одақ, Араб елдері және басқа да бірқатар мемлекеттер жобаға қарсы шығып, құрылыс халықаралық құқықты бұзады және «екі халыққа екі мемлекет» формуласы арқылы жанжалды шешу мүмкіндігін жоққа шығарады, десті.
- Елді мекендерді салу халықаралық құқықты бұзады және бейбітшілік үдерісіне кедергі келтіреді, - деді еуропалық дипломатияның басшысы Кая Каллас.
E1 жобасы жиырма жылдан астам уақыт бойы әзірленіп келді, бірақ халықаралық сынға байланысты бірнеше рет тоқтатылды.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Е1 ауданында инфрақұрылымдық дайындық жұмыстары алдағы айларда басталуы мүмкін, тұрғын үй құрылысы шамамен бір жылдан кейін басталуы мүмкін. Жоба израильдік Маале Адумим елді мекеніне жақын жерде шамамен 3500 пәтер салуды көздейді.
Осы арада Израиль Газа қаласын басып алу операциясын бастады.