Израиль Бейрут орталығына соққы жасады: Ливан билігі алты адам қаза тапқанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні кешке Израильдің Бейрут орталығындағы әуе шабуылынан кем дегенде алты адам қаза тапты, тағы 11 адам жарақат алды, деп хабарлады Ливан Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл туралы ВВС жазды. 

ООН: Около 100 тысяч человек бежали из Ливана в Сирию
Фото: x.com/FilippoGrandi

Израиль қорғаныс күштері бұған дейін «Хезболла» ұйымының Бейруттегі нысанына дәл соққы жасағанын мәлімдеген. Ливандық ақпарат көздерінің хабарлауынша, соққы салдарынан «Хезболлаға» тиесілі медициналық мекеме зақымданған.

Ливан астанасында жұмыс істейтін BBC тілшілері Бейрут орталығында күшті жарылыс болғанын хабарлады. Қаланың оңтүстігінде үш жарылыс, одан кейін тағы екі жарылыс болған.

Тілшілердің хабарлауынша, зақымданған ғимарат Ливан парламенті мен БҰҰ-ның аймақтық штаб-пәтері маңындағы Әл-Башура ауданында орналасқан. Израиль әскері Бейрут орталығына алғашқы шабуылын дүйсенбі күні түнде бастады, бұған дейін ол негізінен «Хезболла» нысандары шоғырланған қаланың оңтүстік шетіне шабуыл жасаған.

Израиль әскерилері түнде тағы да Ливан астанасының оңтүстігіндегі кейбір аудандардың тұрғындарына ЦАХАЛ шабуыл жасауды жоспарлағандықтан, оларды тастап кету қажеттілігі туралы ескерту жасады.

«Сіз «Хезболлаға» тиесілі нысаналардың қасындасыз, армия жақын арада оларға қарсы әрекет етеді», - деді Израиль қорғаныс әскерінің өкілі Авихай Адраи.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Израильдің соққыларынан 46 адам қаза тауып, 85 адам жарақат алғанын хабарлады.

«Хезболла» өкілі сәрсенбі күні топ жауынгерлері «қорғанысқа толық дайын» және Израиль армиясымен соғысу үшін жеткілікті қару-жараққа ие екенін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні таңертең Израиль қорғаныс күштері Ливанның оңтүстігіндегі шамамен 25 кент тұрғындарын эвакуациялау туралы ескерту жасады.

Дания мен Швециядағы Израиль елшіліктерінің жанында жарылыс болғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар