Израиль Бейруттегі қонақүйге соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Израиль әскері Бейрут қаласының орталығындағы Ramada Beirut Downtown қонақүйі орналасқан ғимаратқа соққы жасап, салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Израиль Бейруттағы қонақүйге соққы жасады
Фото: x.com/ @idfonline

Басылымның мәліметінше, Израиль шабуыл нысанасы Ливан астанасында әрекет еткен ирандық қолбасшылар болғанын айтқан.

— Бұл соққы өткен аптада Израиль мен Хезболла қозғалысы арасындағы қақтығыстар қайта басталғалы бері Бейруттың дәл орталығына жасалған алғашқы шабуыл болды. Сондай-ақ Бейруттегі Рауше ауданында болған соққы салдарынан тағы он адам жарақат алды, — делінген Ливанның денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімдемеде.

Израиль тарапы операцияның нысанасы Ислам революциясы сақшылар корпусының элиталы «Құдыс» бөлімшесінің негізгі қолбасшылары болғанын мәлімдеді. Алайда олардың есімдері жарияланған жоқ.

Басылымның жазуынша, аталған қонақүйде Ливанның оңтүстігі мен Бейруттың оңтүстік маңындағы соғыс салдарынан үйлерін тастап кеткен тұрғындар уақытша орналасқан. Әуе соққылары қайталануы мүмкін деген қауіппен олардың бір бөлігі ғимараттан шығып кеткен.

Бұған дейін Израиль Бейрутта Хезболла қозғалысына тиесілі он нысанға соққы жасағаны хабарланған еді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум