Израиль Бейруттегі «Хезболла» нысандарына соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM — ЦАХАЛ мәліметінше, соққы дрондар өндірісіне бағытталған, деп хабарлайды Euronews.

Израиль әскері Бейруттің оңтүстігіндегі бірнеше нысанға әуе соққысын жасады. Олардың айтуынша, бұл нысандар «Хезболланың» радикалды шииттік қозғалысына қарасты «127-отряд» деп аталатын әуе күштері пайдаланатын жерасты құрылыстары болған. Бұл құрылымдар дрондар өндіруге арналған.
Соққылар бейсенбі күні кешкі сағат 22:00–ден кейін басталды. ЦАХАЛ (Израиль қорғаныс армиясы) бұл соққыларға қатысты пікір білдірді.
— Қозғалыстың әуе бөлімшесі Ирандағы террористік шенеуніктердің басшылығы және қаржыландыруымен мыңдаған ұшқышсыз ұшақ (БПЛА) шығарумен айналысып жатыр, — деп мәлімдеді.
ЦАХАЛ бұл әрекетті Израиль мен Ливан арасындағы келісімдерді өрескел бұзу деп бағалап, «Хезболла» Ливан мемлекетіне қауіп төндіріп, келісімдердің орындалуына кедергі келтіріп отыр» деп атап өтті.
Израиль тарапы АҚШ-тың арағайындығымен жасалған атысты тоқтату туралы келісімнен кейінгі бұл соққылар «Хезболланың» қайта топтасуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқанын мәлімдеді.
Ливан армиясы бұл соққыларды айыптап, олардың атысты тоқтату шарттарының орындалуын бақылаудағы рөлін әлсірететінін айтып, егер жағдай өзгермесе, атысты бақылау жөніндегі комитетпен ынтымақтастықты тоқтатуы мүмкін екенін ескертті.
Бейсенбі күні Ливан премьер-министрі Наваф Салам қызметке кіріскеніне 100 күн толуына орай жасаған телеүндеуінде Ливан қарулы күштері елдің оңтүстігінде «Хезболла» содырларына тиесілі 500-ден астам әскери нысан мен қару-жарақ қоймасын жойғанын хабарлады.
Айта кетейік, ақпан айында Ливанның жаңа үкіметі парламенттен сенім мандатын алған еді. Бұл үкімет «Хезболла» блогының қолдауына ие болған.
Айта кетелік Израиль ЦАХАЛ-дың жаңа қолбасшысын тағайындаған еді.