Израиль Бейруттың аудандарының біріне соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM – ЦАХАЛ соққының мақсаты «Хезболланың» басты қолбасшыларының бірі Хайтам Али Табатабаи екенін мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
Басылымның хабарлауынша, соққы Израиль мен радикалды топ бір жыл бұрын келіскен атысты тоқтату туралы режимнің ресми түрде жариялануына қарамастан жасалды.
Екі тарап та бір-бірін атысты тоқтату туралы режимді бұзды деп айыптап отыр. Израиль премьер-министрі соққы жасауға тап осы мәселе себеп болғанын айтты.
- Израиль кім қайда болса да өзінің мақсатына жету жолында сенімді әрекет етіп жатыр, - деді Израиль премьер-министрі.
Reuters Ливанның медицина органдарына сілтеме жасап, Израильдің әуеден жасалған соққыларының салдарынан кемінде 20-ға жуық адам жарақат алып, жергілікті ауруханаларға жеткізілгенін хабарлады.
Соған қарамастан Израиль айтқан және радикалды топта маңызы жағынан еекінші орында тұрған «Хезболла» командирінің жағдайы қандай екені белгісіз.
Осыған дейін Израильдің Газа секторына жасаған соққысынан 22 палестиналық қаза тапқаны туралы жаздық.