Израильде тағы 11 адам маймыл шешегін жұқтырды

ИЕРУСАЛИМ. ҚазАқпарат – Израильдің денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін жұқтырған 11 жаңа жағдайдың тіркелгенін хабарлады, науқастардың жалпы саны - 66 адам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат News CN-ге сілтеме жасап.
None
None

Елдегі дәрі-дәрмектерден басқа, Израиль вирусқа қарсы үшінші буын вакциналарын сатып ала бастады. Даниялық Bavarian Nordic өндірушісінен 2 мың доза вакцина жеткізілмек.

Билік тұрғындарды тері бөртпесі, безгек, бас және бұлшықет ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау, шаршау сияқты белгілер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 39 елде маймыл шешегінің 1,6 мың расталған және 1,5 мың расталмаған жағдайы тіркелген, 72 адам қайтыс болған.



Фото: pbs.twimg.com


Соңғы жаңалықтар