Израильдік дәрігерлер ШҚО-да 20-дан астам күрделі ота жасамақ

ӨСКЕМЕН. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - 1-7 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстанда Израиль дәрігерлері жұмыс істейді.
None
None

Өңірге келген израильдік кардиолог, нейрохирург, гинеколог және перфузиологтар облыстық медициналық бірлестіктің және қалалық аурухананың базасында бірнеше күрделі ота жасайды. Бүгін олардың қатысумен баспасөз мәслихаты өтеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік мамандар 15 кардиохирургиялық отаны облыстық ауруханада, ал 3 гинекологиялық және 3 нейрохирурнгиялық отаны бірінші қалалық ауруханада жасайды.

Бірегей оқиға облыс әкімдігі мен изралильдік бизнесмендер арасында жасалған меморандумға сәйкес өтуде. Денсаулық сақтау басқармасының атап өтуінше, шетелдік дәрігерлер кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында ең күрделі сыртқатқа ұшыраған пациенттерге ота жасайды.

Барлық израильдік дәрігерлер өте жоғары білікті мамандар. Ондай деңгейдегі мамандар Шығыс Қазақстан облысында әзірше жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерлан Масалимовтың атап өтуінше, сондықтан да өңірдің 30 дәрігерін оқыту жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар