19:48, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Израильдің Ашкеназий раввині Елбасының әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде жасап жатқан жұмыстарын жоғары бағалады
ң 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезіне қатысушы Израильдің Ашкеназий раввині Йона Мецгерді қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуден кейінгі брифингте И. Мецгер Н. Назарбаевтың Қазақстанды дамытудағы, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жасап жатқан жұмыстарын жоғары бағалады.
«Сіздердің Президентіңіз әлемнің шынайы көпіріне айналды», деп атап көрсетті ол. Мейман Қазақстанға, оның астанасына өркендеу мен гүлдену тіледі.