Израильдің премьер-министрі Қазақстанға үлкен делегациямен келмекші
"Премьер-министр жұбайымен бірге келеді. Оның жанында үлкен делегация болады. Олардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ 70-ке жуық бизнесмен бар. Олар Қазақстан-Израиль бизнес форумына қатысады. Білуімше, бұл соңғы жылдары болған ең ірі бизнес форум болмақ", - деді Елші.
Оның сөзіне қарағанда, Б.Нетаньяxуның алдымен Ақордаға барып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Кейін Парламент Сенатының төрағасымен кездесетіні жоспарланған. Ал бизнес форум аясында екі елдің премьер-министрлері өзара кездеспекші. "Бизнесмендер болса, нақты төрт бағыт бойынша келіссөздер жүргізеді. Олар - ауыл шаруашылығы мен сумен қамту, қауіпсіздік, денсаулық сақтау және энергетика. Дәл осы салалар екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстарының басымды бағыттары болып саналады", - деп атап көрсетті М.Бродский.
Айта кетейік, 14 желтоқсан күні Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяxу Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл соңғы 25 жылда Израиль премьер-министрінің Орталық Азияға жасайтын алғашқы сапары болмақ. Б.Нетаньяxу алдымен Әзербайжанға, кейін Қазақстанға келеді. "Израильде қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті премьер-министр сыртқа көп шыға қоймайды. Ол Қазақстанға ғана келеді. Орталық Азияның басқа мемлекеттеріне барады деген жоспар жоқ", - дейді М.Бродский.