Израиль ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Израиль ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды, бұл туралы Израиль мемлекетінің «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі комиссары Элазар Коэн мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдерімен өткен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлады Израильдің ҚР-дағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Бүгін Астанада Элазар Коэннің «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовпен кездесуі өтіп, соның қорытындылары бойынша Израильдің көрмеге қатысуы туралы келісімге қол қойды», - деп хабарлады Елшіліктен.

Бұдан басқа, техникалық сипаттағы мәселелер, соның ішінде павильоннің орналасуы, тақырыптық толтырылуы және т.б. талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар