Израиль Газа секторына электр энергиясын беруді тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM — Израильдің энергетика министрі Эли Коэн Газа секторына электр энергиясын беруді дереу тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

The Times of Israel газетінің мәліметінше, Израильдің энергетика министрі Эли Коэн Газа секторына электр энергиясын беруді тоқтату туралы бұйрық бергенін жариялады.
Хабарламаға сәйкес, Коэн былай деді:
— Біз барлық тұтқындарды қайтару үшін қолымыздағы барлық мүмкін құралды пайдаланамыз.
Министр Коэн Израильдің энергетикалық компаниясына (ИЭК) Газа секторының электр станцияларына электр энергиясын сатуды тоқтатуды тапсырды.
42 күнге созылған атысты тоқтату туралы келісімнің алғашқы кезеңі аяқталғаннан кейін, Израиль Газа секторына гуманитарлық көмекті жеткізуді де тоқтатты.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху егер ХАМАС тұтқындарды босатпаса, «қосымша шаралар» қолданатынын ескертті.