20:07, 24 Мамыр 2025 | GMT +5
Израиль Газа секторындағы нысандарға 100-ден астам соққы берді

IDF ХАМАС пайдаланатын ғимараттар, зымыран тасығыш, туннельдер және басқа да инфрақұрылымдар зардап шеккенін хабарлады.
Газаның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні Израильдің шабуылдарынан 24 сағат ішінде кемінде 60 адам көз жұмды деп хабарлады.
Сондай-ақ сенбі күні гуманитарлық жүк тиеп бара жатқан жүк көліктерін күзетіп тұрған қарулы алты палестиналық израильдік ұшқышсыз ұшақтың соққысынан қаза тапты. IDF бұл адамдарды ХАМАС мүшелері деп мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Франция мен Сауд Арабиясы ХАМАС-ты Газадағы биліктен шеттетпей қарусыздандыру мәселесін талқылап жатқанын жазған едік.