Израиль Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС қолбасшылығы жойылғанын хабарлады

Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС командалық құрылымын «бөлшектеуді аяқтағанын» хабарлады. Kazunform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Хамас
Фото: REUTERS

ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари журналистерге палестиналық содырлар қазір бұл аймақта «командирлерсіз» жұмыс істейтінін айтты.

Оның айтуынша, Израиль Газаның солтүстігінде 8 мыңға жуық содырды жойған.

ХАМАС басқаратын Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль күштері соғыс басталғаннан бері 22 мыңнан астам адамды өлтірді. Сенбіде ол соңғы 24 сағат ішінде 120-дан астам адам өлімі тіркегенін айтты.

Соңғы жаңалықтар