Aljazeera: Израиль Газаға шабуылдарын жалғастырып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ пен Иран арасында екі аптаға арналған уақытша бітім туралы келісімге қарамастан, Израиль Газа секторын бомбалауын тоқтатар емес. Соңғы 40 күннің ішінде шабуылдар 36 рет тіркелген, деп хабарлайды Aljazeera.com.

Бес мемлекет Газадағы тұрақтандыру күштеріне әскер жібереді
Фото: Анадолы

«Бітім» жарияланғанына алты ай өтсе де, Израиль келісімді мыңдаған рет бұзып, іс жүзінде күн сайын соққы жасап жатыр. Рафах өткізу бекеті жабық күйінде қалып, аса қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу шектелген.

28 ақпан мен 8 сәуір аралығында Газада кемінде 107 адам қаза тауып, 342-сі жараланған. Соғыс басталғалы бері құрбандар саны 72 мыңнан асып, олардың басым бөлігін әйелдер мен балалар құрап отыр. Сондай-ақ Al Jazeera телеарнасының журналисі қаза тапқаны хабарланды.

Осыған дейін БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливан аумағына жасаған соққыларын айыптаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар