Израиль ХАМАС-тың тұтқындарды босатуды тоқтату туралы мәлімдемесіне жауап берді

АСТАНА.KAZINFORM - Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац ХАМАС мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады BBC.

Израиль ХАМАС-тың тұтқындарды босатуды тоқтату туралы мәлімдемесіне жауап берді
Фото: X / IsraelKatz2

— ХАМАС-тың кепілге алынғандарды босатуды тоқтату туралы мәлімдемесі атысты тоқтату келісімін толығымен бұзу. Мен Израиль армиясына Газадағы кез келген оқиғаға қарсы жауынгерлік әзірлігін арттыруды және Израиль елді-мекендерін қорғауды қамтамасыз етуді тапсырдым, - деді Исраэль Кац ХАМАС мәлімдемесіне жауап бере отырып.

Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп бұл топтан сенбіге дейін барлық кепілге алынғандарды босатуды талап етті, әйтпегенде Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі бұзылады – «тозақ оты қайта тұтанады». Бұл туралы ол дүйсенбі күні Ақ үйде журналистермен болған сұхбатында айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Айта кетейік, сенбі күнгі Газа секторындағы атысты тоқтату келісімінде көзделгендей, содырлар тұтқынында болған израильдік кепілге алынғандарды босатудың және оларды палестиналық тұтқындарға айырбастаудың келесі кезеңі өтуі тиіс болатын. ХАМАС сенбіге жоспарланған израильдік кепілдегілерді босатуды белгісіз уақытқа кейінге шегеретінін мәлімдеді.

Еске салсақ ХАМАС тағы үш израильдік тұтқынды босатқан болатын

Соңғы жаңалықтар