Израиль ХАМАС жетекшісі Мохаммед Синвардың көз жұмғанын растады

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль билігі ХАМАС жетекшісі Мохаммед Синвардың қаза болғанын растады. Газа секторындағы жерасты командалық пунктінен табылған оның денесі Израильге жеткізіліп,  танылды, деп хабарлайды Euronews.

Израиль ХАМАС жетекшісі Мохаммед Синвардың өлімін растады
Фото: ЦАХАЛ

ЦАХАЛ Синвардың әуе шабуылы кезінде өлтірілгені туралы мамыр айының соңында хабарлады.

Мохаммед Синвар ХАМАС-ты өткен жылдың күзінен бастап бұрынғы көшбасшы, оның үлкен ағасы Яхья Синвар өлтірілгеннен кейін басқарып келген.

Атап өтілгендей, Израиль әскері Газа секторында азық-түлік тарату пункті маңында ашқан атыс кезінде кемінде төрт адам қаза тапқан.

Мұндай пункттерді Газада АҚШ-тың қолдауымен құрылған гуманитарлық қор ашты. Израиль әскері тек тарату орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

ЦАХАЛ көмек таратылмай жатқанда сарбаздарға жақындауға тырысқан күдікті адамдарға оқ жаудырғанын растады.

Бұған дейін Израиль Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарды эвакуациялауға шақырғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар