Израиль Иран мен Ливанға соққыларды жалғастыратынын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM - Израиль әскері Иран мен Ливандағы нысандарға әлі соққы беріп жатыр. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Ал Тегеран өз кезегінде Израильге зымырандар ұшырды. Бұған дейін Дональд Трамп Иран басшылығымен «өнімді келіссөздер» жүргізілгенін хабарлаған болатын, деп хабарлайды DW.

Лимван
Фото: DW

Израиль Иран мен Ливандағы нысандарға соққы жасап жатыр. Бұл туралы Биньямин Нетаньяху 23 наурыз, дүйсенбі күні X әлеуметтік желісінде жарияланған бейнеүндеуінде айтты.

— Біз Иранға да, Ливанға да соққы беріп жатырмыз. Иранның зымыран және ядролық бағдарламасын әлсіретіп, «Хезболла» ұйымына елеулі зиян келтіре береміз. Бірнеше күн бұрын тағы екі ирандық ядролық ғалымның көзін жойдық, — деді ол.

Сол мәлімдемеде Израиль премьері АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін жеткізді.

Оның айтуынша, америкалық көшбасшы Израиль мен АҚШ әскерлерінің «елеулі жетістіктерін» мемлекеттердің «өмірлік маңызды мүдделерін» қорғайтын келісім аясында әскери мақсаттарға жету үшін пайдалануға үміт білдірген.

Трамп Иранмен келіссөздер туралы айтты

Өз кезегінде Дональд Трамп бұған дейін Иранмен нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін және Таяу Шығыстағы қайшылықтарды «шартсыз реттеу» мүмкін екенін мәлімдеген. Осыған байланысты ол Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына соққы беруді бес күнге кейінге қалдыруды тапсырғанын жазды Truth Social желісінде.

Алайда Иран билігі бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Вашингтонмен ешқандай келіссөз болмағанын және жүргізіліпжатпағанын Иранның Tasnim мемлекеттік ақпарат агенттігі жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Иран Израильге зымыран ұшырды

24 наурызға қараған түні Иран Израильдің солтүстігіне зымырандармен соққы жасады. Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясы хабарлап, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері қауіптің бетін қайтару үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сол мәлімдемеде Израиль премьері АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін жеткізді. Оның айтуынша, америкалық көшбасшы Израиль мен АҚШ әскерлерінің «елеулі жетістіктерін» мемлекеттердің «өмірлік маңызды мүдделерін» қорғайтын келісім аясында әскери мақсаттарға жету үшін пайдалануға үміт білдірген.

Осыған дейін Иранның батысында АҚШ пен Израиль шабуылынан 6 адам қаза тауып, 43 адам жараланғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар