Израиль Иранның шабуылына жауап қайтара ма

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль Иранның 1 қазанда жаппай зымыранмен жасаған шабуылына жауап қайтаруы мүмкін. Бұл туралы Axios жазды. 

Израиль Иранның шабуылына жауап қайтара ма
Фото: axios.com

Шабуыл Иран аумағындағы мұнай өндіру объектілеріне, әуе қорғаныс жүйесіне және басқа да стратегиялық объектілерге бағытталады деп болжанып отыр. 

Иранның Азаматтық авиация ұйымы елдегі барлық рейс бейсенбі күні таңертең тоқтатылатынын мәлімдеді.

Израильдің қауіпсіздік кабинеті сейсенбі күні Иерусалимге жақын жерасты үкіметінің бункерінде жиналды. Кездесу Иранның баллистикалық зымырандарының бірінші толқыны Израильге жеткен кезде басталды. 

– Иран 1 қазан күні түнде үлкен қателік жасады және ол үшін жауап береді, - деді кездесу барысында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху. 

Министрлер кабинетінің отырысы бірнеше сағаттан соң аяқталды. Басқосуда Израильдің әскери жауап қайтаратыны белгілі болды. Бірақ қарымта шабуылдың қай кезде жасалатыны, қалай болатыны туралы нақты шешім қабылданбады. 

Соңғы жаңалықтар