Израиль құрлықта ілгерілей алмай жатыр - Хезболла жетекшісі

АСТАНА. KAZINFORM – Ливандағы «Хезболла» қозғалысының бас хатшысы Наим Касем майдандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, Израиль армиясы құрлықтағы операцияда табысқа жете алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды IRNA.

в
Фото: IRNA

Оның сөзінше, әуе соққыларының көптігіне қарамастан, қарсы тарап тікелей шайқаста күткен нәтижеге қол жеткізе алмаған.

– Қарсылас тікелей қақтығыста тығырыққа тірелді. Өздері де бірнеше рет мойындағандай, біздің жерде ешқандай құрлықтық ілгерілеуге қол жеткізе алмады, – деді ол.

Сондай-ақ қозғалыс жетекшісі атысты тоқтату жөніндегі пікірталастар аясында Ливан билігі мен халықаралық делдалдарға үндеу жолдады.

– Біз Ливан мүддесіне қайшы келетін бұрынғы шарттарға ешқашан қайта оралмаймыз, – деп мәлімдеді Наим Касем.

Ол ресми тұлғаларды қарсы тарапқа «тегін жеңілдіктер» ұсынуды тоқтатуға шақырып, кез келген дипломатиялық қадам нақты әскери жағдай мен қарсылық күштерінің әлеуетіне негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың келесі аптада Израиль мен Ливан кездесуін өткізетіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар