Израиль Ливандағы тұрғын үйлерді атқылап, 20-дан аса адам зардап шекті

АСТАНА.KAZINFORM - Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер, деп жазады ВВС. 

Израиль нанес удары по объекту «Хезболла» в Бейруте
Фото: x.com/ ShaykhSulaima

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.

Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады.

Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.

Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Бұған дейін Израиль армиясы Сирияның тарихи қаласы Пальмираға жасаған әуе шабуылынан 36 адам көз жұмып, тағы 50 адам жараланды. Әуе соққылары тұрғын үйлер мен өндірістік ошақтарға жасалған.

Соңғы жаңалықтар