Израиль Мемлекетіндегі Қазақстан Елшісі Кипр Республикасының президентіне сенім грамотасын тапсырды

ТЕЛЬ-АВИВ-НИКОСИЯ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақов кеше Кипр Республикасының Президенті Димитрис Христофиасқа сенім грамотасын тапсырып, Кипр Республикасындағы Елші міндетін атқаруға кірісті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Әңгіме барысында Елші Кипр Президентін бүгінгі таңдағы Қазақстанның дамуы туралы хабарлар етті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен, соның ішінде Кипрмен ынтымақтастығын жандандыру жөніндегі елдің сыртқы саяси бастамалары туралы айтып берді.«Мен үшін Кипр Республикасында тіркелген Қазақстанның алғашқы елшісі болу үлкен құрмет, сондықтан да екіжақты қатынастарды кеңейту және нығайту үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын», - деді Ғ.Оразбақов әңгіме үстінде. Ғалым Оразбақов өзара саяси диалогты тереңдету, Қазақстан мен Кипр арасында жоғары деңгейде сапарлар үйымдастыру қажеттігіне назар аударды. Қазақстандық дипломат «Еуропаға жол» бағдарламасының мақсаттары, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және ҚР ?Еуроодақ стратегиялық әріптестігі туралы айтып берді.Кипр Республикасына сапар барысында Ғ.Оразбақов Сыртқы істер министрлігі басшылығымен, Коммерция, индустрия және туризм министрлігінің тұрақты хатшысы Э.Хамбуласпен, Сауда-өнеркәсіптік палатаның президенті М.Мавроматиспен және Жұмыс берушілер мен өнеркәсіпшілер федерациясының президенті А.Питаспен, бірқатар ірі кәсіпкерлермен екіжақты кездесулер өткізді.
Соңғы жаңалықтар