Израиль министрлер кабинеті: 2023 жылдан бері Газада 915 ЦАХАЛ сарбазы қаза болған

АСТАНА.KAZINFORM –2023 жылдың 7 қазанынан бері Газада жүргізген әскери операциялар барысында Израиль Қорғаныс әскерінің (ЦАХАЛ) 915 жауынгері мерт болды. Бұл туралы брифинг барысында Изриаль үкіметінің өкілі Шош Бедросян мәлім етті, деп жазады ТАСС.

ЦАХАЛ
Фото: unn.ua

-Газа секторындағы әскери әрекеттер кезінде Газа секторында ЦАХАЛ-дың 915 жауынгері қаза таптты,-деді ол.

Осыған дейін Ақ үйдің Трамптың Газадағы жағдайды реттеуге арналған жоспарын жария еткенін жарияладық.

Израиль Трамптың Газадағы атысты тоқтату туралы бастамасымен келісетінін мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы Трамптың Газадағы қақтығысты реттеу жоспарын қолдады.

Газа секторындағы Израиль мен Палестина күштері арасындағы атысты тоқтату туралы келісім 10 қазан күні жергілікті уақыт бойынша түс кезінде (Астана уақыты бойынша 14:00) күшіне енгенін хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар