Израиль палестиналық тұтқындарды босату ісін кейінге қалдырды

АСТАНА. KAZIFORM – 22 ақпанға белгіленген 600-ден астам палестиналық тұтқынды босату ісі ХАМАС-тың бірнеше рет келісім талаптарын бұзуына байланысты кейінге қалдырылды, деп мәлімдеді Израиль билігі.

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху
Фото: Синьхуа

Бұл туралы DW хабарлады.

Газа секторында атысты тоқтату туралы келісім аясында палестиналық тұтқындарды босату ісі кепілге алынған израильдіктерді беру кезінде ХАМАС тарапынан жасалатын басыну әрекеттері тоқтамайынша, кейінге қала береді.

Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жексенбіге қараған түні, 23 ақпан күні жасады.

- ХАМАС тарапынан осыған дейін бірнеше мәрте қайталанған, кепілге алынған біздің азаматтарды басыну мен көпшілікке насихат үшін кепілдіктегілерге жасалған арсыздық  әрекеттеріне байланысты кешегі күнге жоспарланған лаңкестерді босату туралы істі кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Біз кепілдіктегілерді беру кезінде басыну әрекеттері болмайтынына кепілдік берілмейінше қимылдамаймыз, - делінген Нетаньяху кеңсесінің мәлімдемесінде.

ХАМАС 22 ақпан күні 6 Израиль азаматын босатып, өздері тарапынан келісімнің бірінші кезеңінің аяқталғанын мәлімдеді. Израиль сол күні түрмеден 602 палестиналық тұтқынды босатуы керек болатын. Кешкісін ХАМАС оларды босату ісі кешігіп жатқанын айтып, Израильдің атысты тоқтату туралы келісімді өрескел бұзғанын жеткізді.

3 наурызға дейін созылатын осы кезең аясында 25 Израиль азаматы босатылып, 8 адамның мәйіті берілуі керек еді. Израиль тарапы әлі 4 адамның мәйітін күтіп отыр.

ХАМАС осыған дейін Израиль әскерін анклавтан шығарып, жанжалдасушы тарап екіжақты толықтай келісімге келген жағдайда Газа секторындағы кепілге алынғандардың барлығын бір мезетте босатуды ұсынған болатын.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, ХАМАС Израильдің кепілдегі алты азаматын босатты, олардың екеуі шамамен 10 жыл тұтқында болған.

 

Соңғы жаңалықтар