Израиль Палестинаның тәуелсіз ел болуына келіспейді - Нетаньяху
АСТАНА.KAZINFORM - Израиль толыққанды егеменді Палестина мемлекетін құруға және оған әсіресе қауіпсіздік саласындағы негізгі өкілеттіктерді беруге келіспейді. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтты, деп хабарлайды ТАСС.

- Менің ойымша, палестиналықтар өзін-өзі басқаруға барлық өкілеттіктерге ие болып, бірақ бізге (израильдіктерге) қауіп төндірмеуі керек. Бұл жалпы қауіпсіздікке қатысты өкілеттіктер әрқашан біздің қолымызда қалады дегенді білдіреді, - деді үкімет басшысы Таяу Шығыс мәселесін екі ел арқылы шешуге бола ма, деген мәселені нақтылау туралы өтінішке жауап бере отырып.
- Әңгіме осыда, яғни Израильде ешкім де бұдан өзгеге келіспейді, біз өзімізге қол салғалы отырған жоқпыз, - деді Нетаньяху.
– Біз қауіпсіздігіміз бен осы саладағы егеменді өкілеттіктеріміз біздің қолымыздан қала беретін әлем қалыптастырамыз.
- Ел бұны толлыққанды мемлекет емес (Палестинаны), бұл мемлекет емес деуі мүмін. Бізге бәрібір ,- деп қосты Нетаньяху.
Трамп Палестина-Израиль жанжалын екі мемлекеттің қатар өмір сүруі негізінде шешу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап беруден жалтарды.
- Мен білмеймін. Бұл сұрақты Беньямин Нетаньяхуға қойыңыздар, - деді АҚШ президенті.
Израильдің Газаға жасаған таңғы шабуылында 39 палестиналық қаза тапқаны бұған дейін хабарланған болатын.