10:39, 30 Маусым 2014 | GMT +5
                                        Израиль премьер-министрі тәуелсіз Күрдістан мемлекетін құру идеясын қолдады
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Таяу Шығыста «Ирак ислам мемлекеті және Леванта» тобына қарсы әрекет етуді күшейту мақсатында тәуелсіз Күрдістан мемлекетін құру идеясын қолдады.
                                        
                                        
                                     
                                              "Күрдтер - саяси тұрақтылықты ұстап тұра алатынын және дербес мемлекет құруға лайық екендіктерін дәлелдеген жауынгер халық",- деп мәлімдеді Израиль премьері.
Сондай-ақ, ол өз елінің Иорданияны қолдайтынын атап өтті. И сламшылардың осы ел аумағында болуына кедергі келтіріп, Израильге қауіп төндіру қажет деп атап өтті Б. Нетаньяху .
Күрд сарбаздары солтүстік Иракта жақында болған ұрыс кезінде Киркук қаласын өз бақылауына алған болатын.