Израиль президенті Нетаньяхуға рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы айтты
АСТАНА.KAZINFORM - Биньямин Нетаньяхуға қатысты сот процесі ішкі шиеленіс факторы болып қала береді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Израиль президенті Ицхак Герцог дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қатысты үш айып тағылған премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға кешірім беру мүмкіндігі туралы айтты.
Бұл мәлімдеме Израиль армиясының радиосына берген сұхбатында айтылды.
- Нетаньяху ісі Израиль қоғамына ауыр жүк. Егер өтініш немесе түссе мен оны барынша ашық етіп орындаймын және мемлекеттің мүддесі үшін бәрін жасаймын, - деді Герцог.
Нетаньяху Израиль тарихында қызмет бабында сот алдында тұрған алғашқы премьер-министр.
Оған қатысты үш негізгі іс қозғалды. Олардың бірі кәсіпкерлерден қымбат сыйлықтар алуға қатысты болса, ендігісі жағымды хабар таратқан жағдайда бәсекелестердің мүмкіндігін шектеу туралы БАҚ иелерімен келісім болып отыр. Сондай-ақ оғанжағымды ақпаратт үшін телекоммуникация компанияларының мүддесін қорғаумен байланысты, «Bezeq-Walla ісі» ретінде белгілі іс бойынша айып тағылған.
Алғашқы екі жағдайда Нетаньяху алаяқтық және сенімге қиянат жасады, ал үшіншісінде пара алды деп айыпталған.
Израиль премьер-министрінің өзі барлық айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарады.
Оның айтуынша, бұның барлығы оны қызметінен кетіру үшін полиция мен прокурорлар ұйымдастырған «саяси төңкеріс».
Іс бойынша тыңдаулар Тель-Авивте 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап аптасына екі рет өткізіліп келеді. Сот олардың жиілігін арттыруды бұйырды, ал қараша айынан бастап тараптардың жауаптары мен таныстырулары процесті жеделдету үшін аптасына үш рет өткізілетін болады.
Сот процесі бірнеше рет тоқтатылды. Тыңдаулар премьер-министрдің аймақтық қызметіне байланысты қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды.
Шілде айында қорғаушы тарап Нетаньяхудың тағамнан улануына байланысты тыңдауларды кейінге қалдыруды сұраған. Айдың соңындағы екі тыңдау тоқтатылды, ал сот жазғы демалыстан кейін ғана қайта жалғасты.
-Бұл істер жүйеге ауыртпалық түсіреді әрі оның жұмысын бәсеңдетеді, - деді президент Герцог.
Бұған дейін Нетаньяху ХАМАС мүшелеріне рақымшылық жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Ал алдағы дүйсенбіде Нетаньяху Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Газа секторын реттеу жоспарын талқылайды.