Израиль шабуылынан кейін Иранда интернет шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылдарынан кейін елде төтенше жағдайға байланысты интернетке қол жеткізу шектелді. Бұл туралы Иранның Байланыс министрлігі мәлімдеді.

Министрлік мәлімдемесінде қазіргі ахуалға байланысты уақытша шектеулер енгізілгені айтылып, жағдай тұрақталғаннан кейін интернет қайта қосылатыны хабарланды.
Израиль таңғы уақытта Иранның астанасы Тегеранды және Тебриз, Натанз (Исфахандағы ядролық нысан), Лурестан, Керманшах, Шираз, Хузестан және Кум қалаларын зымыранмен атқылады.
Қолда бар мәліметке сәйкес, Натанздағы ядролық нысанға зиян келмеген.
Шабуыл салдарынан Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал Мохаммад Багери, Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) бас қолбасшысы генерал Хусейн Салами, «Хатем аль-Анбия» орталық штабының қолбасшысы генерал Голамали Рашид, КСИР-дің әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригадалық генерал Эмир Али Хаджизаде және алты ядролық жетекші ғалым қаза тапты.
Сондай-ақ Тегеранда тұрғын үйлерге жасалған соққыдан көптеген бейбіт тұрғын, соның ішінде әйелдер мен балалардың опат болғаны хабарланды.