Израиль Сириядағы әскери нысандарға әуеден шабуыл жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Израиль Сирия астанасы Дамаск пен сол елдің батысындағы Хомс қаласы маңындағы әскери нысандарға соққы жасады. Бұл туралы Сирияның қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Израиль
Фото: Shafaq News

Дамаскінің орталық ауданы Кафр-Сусаға жергілікті уақытпен таңғы 3:40-та соққы жасалды. Тағы бір соққы Хомс провинциясындағы әскери нысанға жасалған.

Сирия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуе шабуылынан бір сарбаз қаза тауып, жетеуі жараланған. Сонымен қатар түрлі материалдық шығын да келген.

Бұған дейін сириялық БАҚ Израиль Кафр-Сусадағы тұрғын үйге соққы жасағаннан кейін Дамаскіде жарылыстар естілгенін хабарлады. 

Израиль әскерилері Бейрут маңындағы «Хезболла» нысандары» орналасқан ғимаратқа соққы берді. Соққыдан бір сағат бұрын ғимарат жанында «Хезболла» ұйымының баспасөз мәслихаты өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар