Израиль Сириямен шекарада орналасқан Голан биігіндегі буферлік аймаққа әскерін жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әскері Израиль мен Сирия арасындағы Голан төбелеріндегі буферлік аймаққа барып, президент Башар Асад режимі құлағаннан кейінгі ықтимал хаосқа дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Израиль қорғаныс әскері сақтық шарасы ретінде бұл аймақтарға барып, жоғары дайындықта екенін айтқанымен, Голан биіктерінің тұрғындарына қатысты ережелерде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.
- Израиль қорғаныс әскері Голан төбелеріндегі қауымдастықтардың және Израиль азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін буферлік аймақта және бірқатар қорғауды қажет ететін аймақтарда әскерлерін орналастырды, - делінген хабарламада.
In accordance with the situational assessment following the recent events in #Syria, including the entry of armed personnel into the buffer zone, the IDF has deployed forces in the buffer zone and in several other places necessary for its defense, to ensure the safety of the… pic.twitter.com/Nsno9GBWB4
— Israel Defense Forces (@IDF) December 8, 2024
Сирия ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль бұл аумақты атқылай бастаған.
- Соңғы қадамдар жаңа бағалауға және «содырлардың буферлік аймаққа ену мүмкіндігіне» сәйкес келеді, - деді ЦАХАЛ.
- Біз Израиль армиясының Сирияда болып жатқан оқиғаларға араласпайтынын атап өтеміз, - деп жазады The Times of Israel.
Бұл Израиль күштерінің Израиль мен Сирия арасындағы буферлік аймақта позицияларын алған 1974 жылғы келісімнен кейін бірінші рет болды. Израиль армиясы бұған дейін де бұл аймаққа бірнеше рет кірген.
Израиль қорғаныс күштері буферлік аймаққа әскерлер орналастырудың уақытша шара екенін, бірақ оқиғаға байланысты олар бұл жерде ұзақ уақыт қалуы мүмкін екенін айтты. Әскерилер Сириядағы жағдай реттелмейінше сонда қалатынын жеткізді.
Израиль ХАМАС тұтқындарын босату бойынша жаңа ұсыныс әзірлегенін жазған болатынбыз.
Голан биіктігі жайлы не білеміз?
Сирия президенті Башар Асад жексенбі күні Дамаскіден белгісіз бағытқа ұшып кетті. Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы оның сенбі күні кешкі сағат онда қаладан шыққанын хабарлады.