Израиль: Соғыс қимылдарында үзіліс болмайды
АҚШ-тың соғыс қимылдарына гуманитарлық үзіліс жасауға шақырған мәлімдемесінен кейін Израиль үкіметі шабуылдардың жалғаса беретінін, тек Газа секторының солтүстігіндегі бейбіт тұрғындарға арналған дәліздің жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.
Израиль премьер-министрі баспасөз қызметінің жазбаша мәлімдемесінде «Барлық кепілге алынғандар босатылмайынша, Газадағы қақтығыстар жалғаса беретіні» айтылған.
Израиль Газа секторының солтүстігінен оңтүстігіне дейін созылған бейбіт тұрғындардың оңтүстікке өтуіне ашық «қауіпсіз дәлізге» рұқсат берді
Газаның 50 мың тұрғынының кеше осы дәліз арқылы өткені айтылып, қалған тұрғындар оңтүстікке жылжуға шақырылған.
Израиль премьер-министрінің мәлімдемесі Ақүйдің Израиль Газа секторының солтүстік бөлігінің бейбіт тұрғындарына шығуға мүмкіндік беру үшін «соғыс қимылдарын күніне 4 сағатқа тоқтатуға» келіскені туралы мәлімдемесінен кейін жасалды.
Ақүй өз мәлімдемесінде «соғыс қимылдарына гуманитарлық үзіліс жариялау» туралы айтса, Израиль премьер-министрінің мәлімдемесі соғыс қимылдарында үзіліс болмайтыны және тек «гуманитарлық дәліздің» ашық болатыны айтылған.