Израиль соққыларынан Газада бір тәулікте 78 адам қаза тапты

Израиль армиясының Газа секторына жасаған соққылары салдарынан бір тәулікте 78 палестиндік көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.

Израиль соққыларынан Газада бір тәулікте 78 адам қаза тапты
Фото: Anadolu Ajansı

Катарлық Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Израиль әскері Палестина анклавын бомбалауды жалғастырып, соңғы 24 сағат ішінде кемінде 78 адамды мерт қылған.

Al Jazeera телеарнасы соңғы бірнеше апта ішінде Газа секторында азық-түлік көмегін алуға тырысқан палестиндіктердің арасынан 700-ден астам адамның қаза тапқанын да атап өтті. Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Израиль билігі АҚШ-тың қатысуымен құрған Гуманитарлық көмек қоры (GHF) арқылы көмек таратылатын пунктерде 743 тұрғын қаза тауып, 4,8 мыңнан астамы жарақат алған.

Министрліктің мәліметі бойынша, Израиль мен Газа арасындағы соғыс басталғалы бері 57 300-ден астам адам мерт болып, 136 мыңға жуық адам жарақат алған.

Айта кетелік Израиль Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарды эвакуациялауға шақырған еді

Соңғы жаңалықтар