Израиль тарихта алғаш рет ғарыштағы зымыранды құлатты

Израиль тарихта алғаш рет ғарыштағы зымыранды құлатты
Фото: Midjourney

30 қазанда Йеменнен Эйлат қаласына бағыт алған хуситтердің баллистикалық зымыранын Израиль әуе күштерінің атып түсіруі тарихтағы алғашқы ғарыш шайқасы болды, деп хабарлайды Kazinform. 

«Осы аптада Израиль Жер атмосферасынан тыс баллистикалық зымыранын атып түсіру мақсатында Arrow зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін қолданды. Бұл ғарыш кеңістігіндегі алғашқы шайқас болды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар АҚШ пен Израиль бірлесіп әзірлеген ПРО Arrow жүйесі жоғары биіктік пен жылдамдықта ұшатын баллистикалық зымыранды атып түсіру үшін алғаш рет қолданылып отыр.

Соңғы жаңалықтар