Израиль Тегеранға жаңа ауқымды әуе соққыларын жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль қорғаныс күштері Иран астанасына жаңа кең ауқымды әуе соққылары жасағанын мәлімдеді, деп жазды Kazinform агенттігінің Таяу Шығыстағы тілшісі.
Жексенбі күні Иранның бұқаралық ақпарат құралдары Тегеранның әртүрлі аудандарында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады. IRNA агенттігі Сейед-Хандан, Каср қиылысы, Ванак алаңы және Мотахари көшесіндегі ракеталық және әуе соққыларынан болған «қорқынышты жарылыстар» туралы хабар таратты. Tasnim агенттігі де қала солтүстігінде жарылыстар болғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, дүмпулер астананың батыс бөлігінде, оның ішінде Азади мұнарасы маңында да орын алғаны хабарланды. Әлеуметтік желілерде қала үстінде көтерілген қалың түтін бағандарының видеолары жарияланды.
Heavy Israeli Air Force airstrikes ongoing in Iran’s capital, Tehran right now. pic.twitter.com/BvAGnTgkF4
— OSINTtechnical (@Osinttechnical) March 1, 2026
Кейін Израиль қорғаныс күштері әуе күштерінің Тегеран орталығында иран басшылығына қатысты нысандарға соққы бергенін мәлімдеді.
— «Арыстанның ұранын» басталғаннан бері алғаш рет Израиль қорғаныс күштері иран режимінің нысандарына Тегеранның жүрегінде соққы жасады. Соңғы 24 сағат ішінде әуе күштері әуе басымдығын қамтамасыз ету және Тегеранға жол ашу мақсатында ауқымды соққылар жүргізді, — делінген ЦАХАЛ хабарламасында.
Кейін Израиль әскери басшылығы бұл соққылардың армия барлауының басшылығымен авиация арқылы жасалғанын және иран режимімен байланысты нысандарға бағытталғанын айтты.
צפו בתיעוד ראשון מהמטס הרחב של חיל האוויר בלב טהראן
— צבא ההגנה לישראל (@idfonline) March 1, 2026
מצורף תיעוד מהדקות האחרונות של השמדת מפקדה של משטר הטרור האיראני בלב טהראן pic.twitter.com/jGSpx0oo2Y
Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе басымдығы орнатылғаннан кейін израильдік ұшақтар тікелей нысанаға тасталатын «stand-in» бомбаларын қолдана бастағанын жеткізді.
Иран Қызыл Жарты Айы Тегерандағы өз штабы мен бірнеше аурухана маңында соққылар болғанын растады. Сонымен қатар, Иран мемлекеттік телерадио хабар тарату компаниясының кешені орналасқан ауданында да жарылыстар болғаны хабарланды.
Бұған дейін Иран астанасына жасалған осындай соққылардан Ислам Республикасының билігі жоғарғы басшысы Али Хаменейдің ажал құшты.